Астанада чемпиондар шеберлік сағатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада чемпиондар шеберлік сағатын өткізді

06.04.2015
Астанада чемпиондар шеберлік сағатын өткізді

Аға буын жастайынан спортпен айналысып жүрген жас өрендермен тәжіриебе бөлісті. Сондай ақ жеткіншектер ойларында жүрген сұрақтарына жауап алды. Мұндай шараны Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерi конфедерациясы ұйымдастырды.

Олардың айтуынша енді осындай шеберлік сағаттары еліміздің барлық өңірлерінде өтпек. Айта кету керек жиынға Бақыт Сәрсекбаев, Юрий Мельниченко, Гюзель Манюрова, Айгерiм Әбiлқадырова және Арман Шылманов қатысты.

 

Индира БЕКТЕН

Хабарламаларға жазылу