«Таңшолпан» бағдарламасынан 14 наурызда көретіндеріңіз... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасынан 14 наурызда көретіндеріңіз...

13.03.2016
«Таңшолпан» бағдарламасынан 14 наурызда көретіндеріңіз...

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасына 14 наурызда келетін қонақтар қатарында Астана қаласы Оқушылар сарайы «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі    Анаргүл Шалғынбай, «Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі  Медеу Ақылбеков бар.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 14 наурыз күні сағат 15:00-де «Шабыттың мініп тұлпарын...» атты жыр кеші өтеді. Оған елімізге танымал Қалқаман Сарин, Серікзат Дүйсенғазы, Алмас Темірбай т.б ақындар қатысады. Медеу Ақылбеков осы кеш турасында әңгіме өрбітпек.

Медициналық қызметкерлер еңбегі –  адамдардың игілігі үшін қызмет ететін ерекше мамандық. Қиындығы мен жауапкершілігі мол мамандық, мекеме жаңалықтары мен қазіргі озық технологиялар төңірегінде сұхбат беру үшін Инновация және медициналық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Абдуллаев  студияға қонаққа келмек.

Ал, сюжеттер қатарында Астана циркінің наурызға дайындығы,  Әлімқұл Жамбылов, Көкшетаудағы тыл еңбеккері Күлшара Өмірәлина туралы бейнематериалдар бар.

Еске сала кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасы дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-10:00 аралығында эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу