Қазақ тарихына қатысты жаңа видео құжат табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тарихына қатысты жаңа видео құжат табылды

09.12.2015
Қазақ  тарихына қатысты жаңа  видео құжат  табылды
Қазақ  тарихына қатысты жаңа  видео құжат  табылды

Бүгін Астанада өткен «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының отырысында тарихшы Берік Әбдіғали Алаш әскеріне қатысты тың деректерді жариялады. Ғалым сонымен бірге, 1919 жылы түсірілген видео табылғанын атап өтті.

ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси ахуал, соның ішінде Алашорда әскерінің тарихына байланысты тың деректер көптеп табылып жатыр. Әсіресе, Алашорда әскерінің құрылуы, оның командирлері, әскердің жасақталған өңірлері туралы ақпараттар сирек бізде. Осы олқылықтың орынын толтыру мақсатында ғалымдар үнемі ізденіс жасап келеді. Берік Әбдіғали тапқан құжаттар сол ізденістердің нәтижесінде қолымызға тиіп отыр.

Ғалым алаш әскерінің киім үлгісі, бірқатар командирлерінің аты-жөндерін тапқан. Сонымен қатар, сол кездегі саяси жағдайға байланысты ақ гвардияшылар сапында шайқасқан қазақ полктері туралы да деректер табылды. Әсіресе, Франция елшілігі Ресейге табыс еткен көне видеода атаман Дутовтың сенімді қорғаушыларs болған қазақ жасақтары туралы көрсетілген. Сонымен бірге, Семей қаласының 1919 жылы түсірілген панорамасы да бар.




Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу