«Парасат майданы». Амангелді Құрметұлы: Саясатта жоғары идеялар керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Парасат майданы». Амангелді Құрметұлы: Саясатта жоғары идеялар керек

01.11.2017

20 ғасырда адамның құқығымен қатар, ұлттардың хақы деген дүние келді. Демек, үлкен ұлттар, қуатты мемлекеттер кішкентай елдерге зәбір көрсетпеуі керек. Олардың хақы тең болуы керек.

«Қалай десе де, саясатта жоғары идеялар керек. Саясаттың тұтынушысы кім? Ол - халық. 20 ғасырдың басындағы диктаторларды биліке кім шығарды? Сол кездегі әлеуметтанушылар тобырдың билікке алып келу жолын біраз зерттеп көреді. Ашығын айтсақ, бәрі де бүгінгі демократиялық принцип бойынша шыққан.

 Халыққа әдемі идеалдар бәрібір керек. Өйткені, бұл үміт беретін, оптимистік бағыттағы ойлар болып көрінеді. Ал, егер астарына үңілетін болсаңыз, бұл белгілі бір мақсатқа қол жеткізу және сол қалың топты ұстау үшін қажет идеялар.

Қазір БҰҰ деп отырмыз. Олар басында жариялаған тамаша идеядан кейін соны іске асыру үшін қаншалықты жұмыс істей алды? Осы ұйымдағы ірі мемлекеттер белгіленген бағытта жұмыс істеп, мүдделі болды ма? Меніңше, осы ұйымның 70 жылдық тарихын алып қарасақ, бәрімізді «болашақта жарқын өмір бар» деп жетелейтін сияқты», - дейді Амангелді Құрметұлы.

Толығырақ "Парасат майданында"

Хабарламаларға жазылу