Дархан Әбдік:  «Парасат майданы» бағдарламасының аудиториясы - жаңа дүниетанымдағы жастар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Әбдік:  «Парасат майданы» бағдарламасының аудиториясы - жаңа дүниетанымдағы жастар (ВИДЕО)

25.04.2017

«Парасат майданы» бағдарламасының жүргізушісі әрі авторы Дархан Әбдік «Таңшолпан» төрінде қонақта болып,  бағдарламаның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.

«Күнделікті зияткерлік ортада да, парасаттылық, ғылыми әлемде, білім кеңістігінде майдан болып жатады.  Жаңалықтар ашылады. Ғылым мен надандық күреседі, ізгілік пен зұлымдық күреседі деген секілді осы тақырыпта адамдар арасында пікір таластыру, ой жарыстыру бағдарламаның негізгі мақсаты», - дейді ол.

Дархан Әбдіктің ойынша,  «Парасат майданы» бағдарламасының аудиториясы  бүгінде  жаңа формациядағы ұрпақ қалыптасып келе жатқандықтан, жаңа дүниетанымдағы жастар.

Ал, «Хабарға кейіпкер таңдауда қандай қағида ұстанасыз?» деген сауалға, ол «Менің қонаққа қояр талап-тілегім ойын ашық, еркін айту. Адам ойы еркін,  жаны азат болуы керек», дейді.

Айта кетейік, «Парасат майданы» бағдарламасы Ұлттық арнада әр жұма сайын  сағат 23:45-те  болады.

Хабарламаларға жазылу