21 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Парасат майданы» атты жаңа жоба басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Парасат майданы» атты жаңа жоба басталады

19.04.2017

21 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Парасат майданы» атты жаңа жобаның тұсаукесері өтеді.

Бұл жоба мәдениет, ғылым, өнер және әдебиет салаларындағы білікті мамандардың пікірсайысын ортаға салмақ.  Әр саладағы аға буын мен жас буын өкілін студияға шақырып, бай тәжірибе мен қазіргі заман жаңашылдығын салыстырып  қызу талқылайтын болады.

Сондай-ақ, қазіргі қоғамның даму бағытына, болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге руханият өкілдерінің төрелік айту беделін қалыптастыру, жан-жақты  білімді, әлемнің үздік тәжірибесін игерген, жаңа ойлау үрдісіндегі азаматтардың тұлғалық портретін насихаттауды мақсат тұтады. 

Бағдарламаны белгілі журналист Дархан Әбдік жүргізетін болады. Әр хабарға 2 кейіпкер қатысады.  Жүргізуші сұрақтарды қонақтардың бұрын-соңды айтып жүрген батыл ойлары, тың пікірлері төңірегінде өрбітеді. Ортаға салынған ой-пікірден көрермен өз іздегенін тауып, сұрақтарына жауап алуы керек.

21 сәуірден бастап, 23:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан  «Парасат майданы» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу