24.02.2018."Парасат майданы". Біздің қоғамда дерек сақтауға деген көзқарас қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24.02.2018."Парасат майданы". Біздің қоғамда дерек сақтауға деген көзқарас қандай?

24.02.2018

«Парасат майданы» бағдарламасында құжат, дерек, мұрағат сақтау, архив мәселесі туралы сөз болды.

«Күйтабаққа жазу студиясы Қазақстанда тек өткен ғасырдың 60-жылдары ғана ашылды. Сол уақытқа дейін бәрін Ресей жазған. Күләш Бәйсейітованың дауысы бар деп мақтанамыз. Сөйтсек, солардың бәрін өзіміз емес, Ресей жазған. Халықтың ішінен шыққан термешілер, күйшілер, әншілер болды. Олардың ешқайсысының туындылары сақталмаған. Өйткені, бізде мұра сақтаудағы жүйе дұрыс жолға қойылмаған. Белгілі әнші, композитор Жүсіпбек Елебековтің өзінің 2-3-ақ жазбасы бар. Сондай кісілердің жазбалар сақтап қалуға болушы еді. Жазып алу бар да, ал, оны сақтауға келгенде нақты бір заңдылық жоқ», - дейді Жарқын Шәкәрім.

Айта кетейік, «Парасат майданы» хабарының кезекті шығарылымында белгілі музыкатанушы Жарқын Шәкәрім мен деректі фильмдердің режиссері Қалила Омаров қонақта болды.

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу