Әлихан Бәйменов: Заң өскелең адамға пішілген киім секілді болуы керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Бәйменов: Заң өскелең адамға пішілген киім секілді болуы керек (ВИДЕО)

08.07.2017

«Парасат майданы» бағдарламасында мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов өз ойын ортаға салды.

«Заң өскелең адамға пішілген киім секілді болуы керек. Ол адамның бүгінгі күнін ғана есептесе, ертең тар болады. Сондықтан, заңдар бірте-бірте құқық пен бостандықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік беруі қажет. Бұл істе үш жақты жауапкершілік бар. Билік. Азамат. Қоғам. Биліктің парызы – азамат, қоғам және Тәуелсіздіктің алдындағы жауапкершілікті ескере отырып, олардың еркін өсуіне жағдай туындату. Әрине, бізде шектеуші факторлар бар. Ол - біздің ұлан-ғайыр жеріміз, көршілеріміз, ішкі тыныштық біздің мемлекеттігімізді күшейтеді деген түйсікпен келген сеніміміз», - дейді қоғам қайраткері.

толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу