Елзат Ескендір: Біздің қоғамда жылап тұрған айнаға қараушыны күліп көрсеткісі келетін ниет, ықпал бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елзат Ескендір: Біздің қоғамда жылап тұрған айнаға қараушыны күліп көрсеткісі келетін ниет, ықпал бар

22.04.2017

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Парасат майданы» атты жаңа жоба бастау алды. Бағдарламаны белгілі журналист Дархан Әбдік жүргізеді. Бағдарламаның мақсаты - ғылым, білім, өнер саласындағы зияткер тұлғалармен кездесіп, олардың бүгінгі таңда орын алып жатқан оқиғаларға байланысты ой-пікірлерін анықтау.

«Парасат майданы» бағдарламасының алғашқы шығарылымында белгілі киногер, «Батыр Баян», «Махамбет» фильмдерінің режиссері Сламбек Тәуекел мен Пусан кинофестивалінде қысқаметражды фильмдер санаты бойынша бас жүлде иеленген Елзат Ескендір қонақ болды.

«Өнер, әдебиет, телевизия – қоғамның айнасы. Сол айна бүгінгі таңда қоғамға шындықты айта ма, жоқ па?»

Жүргізуші сауалына кинорежиссер Елзат Ескендір «Қазіргі кезде біздің қоғамда жылап тұрған айнаға қараушыны күліп көрсеткісі келетін ниет, ықпал бар», деген пікірін білдірді.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу