Айқын Батырхан Шүкеновтың рухына арнап «Отан-Ана» әнін орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын Батырхан Шүкеновтың рухына арнап «Отан-Ана» әнін орындады

07.10.2017

«Silk Way Star» байқауының бірінші кезеңін отандасымыз Айқын қорытындылады. Отандық эстрадада өзіндік орны бар Айқын Батырхан Шүкеновтың рухына арнап «Отан-Ана» әнін орындады.

«Негізі 9 мемлекеттің мәдениетінің тоғысқан жері Қазақстан, «Silk Way Star» жобасы болғанына мен шын жүректен қуаныштымын. Біз секілді көпұлтты ел үшін бұл өте маңызды», - дейді белгілі әнші.

Қазылар алқасының мүшесі Иса Меликов (Қырғызстан):

«Айқынның әндері, шығармашылығы Қырғызстанда да танымал. Бұл ән де өте әдемі екен. Орындауы да тамаша. Сөз жоқ».

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу