«Батырхан Шүкенов үшін саксофоннан артық сырласы болған жоқ...» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батырхан Шүкенов үшін саксофоннан артық сырласы болған жоқ...» (ВИДЕО)

28.04.2016
 «Батырхан Шүкенов үшін саксофоннан артық сырласы болған жоқ...» (ВИДЕО)

Қазақтың біртуар ұлы, ерекше дауыс иесі, әнші-копозитор Батырхан Шүкеновтың өмірден өткеніне бір жыл толды.

Анасы Дилара Ибрагимқызы ұлының музыкаға құштарлығы ерте жастан басталғанын айтады. Әкесі Камал Шүкенов баласының қаржыгер болғанын қаласа да, Батыр әнші боламын деген арманынан айнымады. Бірнеше аспапты шебер меңгере білді.

«Дегенмен, ол үшін саксофоннан артық сырласы, жақын досы болған жоқ», дейді жақындары.

Батырхан Шүкеновтың ән әлеміндегі орны дара. Оның лирикалық сарынға, мөлдір махаббатқа толы туындыларынан кіршіксіз пәк сезімді байқауға болады. Тіпті әр нотасында табиғатқа, өмірге ғашық жанның сыры бар.

Ерекше дарын иесінің ең соңғы  шыққан «Көктем» және әншіні көпшілік ықыласына бөленткен «Отан ана» әндерінен үзіндіні «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.  

 

Хабарламаларға жазылу