Алматыда Батырхан Шүкеновке ұқсас жандарға кастинг ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Батырхан Шүкеновке ұқсас жандарға кастинг ұйымдастырылады

05.10.2016
Алматыда Батырхан Шүкеновке ұқсас жандарға кастинг ұйымдастырылады

Батырхан Шүкеновтың атындағы қоғамдық қор «Аманат» әнінің бейнебаянына ерлер арасында кастинг ұйымдастырмақшы. Актерлерді іріктеу 12 қазанда Алматыда өтеді.

«Ерлерге арналған талап:

  • сырт келбеті Батырхан Шүкеновке ұқсас болуы қажет;
  • «Аманат» әнін жатқа білуі шарт;
  • жасы 10-45 аралығындағы болуы керек»,-деп жазады қор директоры Олжас Байқанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Үміткерлер түйіндемелері мен фотосуретін ала келгені жөн. Актерлер болашақта Батыр туралы көркем фильмге де түсіп қалуы мүмкін.

Kazpravda.kz

 

олю

Хабарламаларға жазылу