Сыр өңірінің мәдениет күндері аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінің мәдениет күндері аяқталды

15.08.2017

«Сырдария-Жырдария». Қызылорда облысының Астанадағы мәдениет күндері осындай гала-концертпен қорытындыланды. «ЭКСПО» қалашықта өткен шарада сыр сүлейлері Тұрмағанбет пен Нартайдың туындыларынан бөлек, әлем эстрадасының әндері қазақи нақышта орындалды. Мысалы, «Сыр самалы» вокалды аспаптар ансамблі Батырхан Шүкеновтің «Отан ана» әнін ұлттық аспаптармен орындады. Сондай-ақ, Қызылордадан келген өнерпаздар ұлттық аспаптармен әйгілі «Битлз» тобының әнін орындап, «ЭКСПО» қонақтарына тамаша тарту жасады. Көрме аясындағы концерттік шараға 3 мыңға жуық адам келді. Ал, кештің басты ерекшелігі «ЭКСПО» қонақтарына ғарышкерлердің бейне-сәлемі болды. Ғарыш станциясындағы космонавтар «ЭКСПО» қалашықпен тікелей байланысқа шығып, құттықтауларын жолдады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу