Батырхан Шүкеновтың әндері Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақтаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырхан Шүкеновтың әндері Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақтаулы

29.04.2015
Батырхан Шүкеновтың әндері Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақтаулы

Өткен түнде қазақ эстрадасындағы талантты әнші Батырхан Шүкенов өмірден озды. Әнші көзі тірісінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бірнеше бағдарламасына қатысқан.

Ұлттық арнаның «алтын қорында» бір кездері өзі құрамында ән шырқаған «А-Студио» тобының «Остров надежды», «Белая река» әндеріне түсірген бейнебаяндары сақталған.  

Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Қуат Шілдебаевтың «Отан-ана» әні тыңдармандарға Батырхан Шүкеновтың орындауында жеткен еді.

Өткен жылы «Түнгі студия» бағдарламасына келген әнші «Арманым -  Қазақстанда дыбыс студиясын ашу. Ұлттық оркестерлерге арнап, ұлы композитор Құрманғазының барлық туындыларын жазып берер едік. Бұл мәселе барлығымызды ойландыруы қажет», деген еді.  

Сондай-ақ, бағдарлама ұжымына  шығармашылығының 30 жылдығына орай жарық көрген «Батыр» атты альбомын сыйға тартқан.

Оның орындауындағы ресейлік композитор Павел Есениннің әні мен сөзіне жазылған «Осень» әнін kaztrk.kz мұрағатынан тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу