Бүгін - ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшановтың туған күні. Ардагер экономист 70 жасқа толып отыр.
Кезінде өзі іргетасын қалаған «Тұран» университетіне арнайы келген «Таңшолпан» бағдарламасының тілшісі туған күн иесін мерейлі жасымен құттықтап, гүл шоғын сыйлады.
«Нарық экономикасы рұқсат берген тұста білім саласында жеке меншік оқу орнын ашуға болады деген заң күшіне енген болатын. Сол уақыттарда ашылды. Алғашқыда 125 адам келген болатын, қазір 10 000-нан астам студент оқиды. Бүгінгі таңда 2 университет, 2 колледж, лицейлерде жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің саны 1200-ден асып кетті», - дейді «Тұран» университетінің құрылуы туралы.
Сондай-ақ, профессор өзінің өмір жолы, отбасы жайлы айтып берді.