Қанат Ислам: Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір үлкен кездесу өткізу жоспарда бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам: Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір үлкен кездесу өткізу жоспарда бар

13.09.2017

WBA белбеуінің иегері, боксшы Қанат Ислам «Таңшолпан» төрінде қонақта. Бүгін – ел абыройын асқақтатып жүрген белгілі боксшының туған күні.

Естеріңізге саламыз, 9-қыркүйекте Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың арасында жекпе-жек өтіп, кезекті кездесу отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.

«Осал қарсылас жоқ. Брэндон Кук та мен секілді қаншама жылдан бері бокста жүр. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Бұл жерде барлығы дайындық пен командаға байланысты. Соққысы ауыр боксшы. Рингте жаттықтырушылардың айтқанымен, жоспар бойынша жұмыс істедім.

Жалпы, үлкен жекпе-жектің өз елімізде, Астана төрінде өткеніне қуаныштымын. Мұндай кеш әрбір спортшының маңдайына жазыла бермейді. Мемлекет барлық қолдауды көрсетті, сондықтан, бұл жерде аянып қалуға болмайды. Қазақ еліне осындай қуаныш сыйлай алғаным үшін бақыттымын», - дейді боксшы.

Сондай-ақ, Қанат Ислам қазір жан-жақтан, оның ішінде HBO телевизиялық желісінен ұсыныстардың түсіп жатқанын, Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір үлкен кездесу өткізу жоспарда бар екенін жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу