Айткүл, Қанат Құдайбергеновтер: Халық алдында есеп беру кешін өткізу жоспарда бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айткүл, Қанат Құдайбергеновтер: Халық алдында есеп беру кешін өткізу жоспарда бар

03.09.2015
Айткүл, Қанат Құдайбергеновтер: Халық алдында есеп беру кешін өткізу жоспарда бар

«Біз 1975 жылдан бері сахнада жүрміз. 40 жыл болды.  Халықтың алдында есеп беретін уақыт келіп қалды. Қазір соған дайындық үстіндеміз»,-дейді Құдайбергеновтер.

«Бұрынғыдай емес, бүгінде домбырамен ән айтатын әншілер көбейіп келеді. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында арнайы дәстүрлі әндер кафедрасы бар. Ардақ Исатаева деген ұстаз тәлім береді. Қазақтың жері кең байтақ. Әр өңірдің өзіне тән мектептері бар. Сол мектептерден әншілеріміз жақсы тәлім алып жатыр. Дәстүрлі әннің насихаты да жақсы»,-дейді Қанат Құдайбергенов.

«Біздің жас кезіміздегі гастрольдік сапар мен қазіргіні салыстырғанда айырмашылығы жер мен көктей. Бүгінде 2-3 күнге созылады, көп болса бір апта. Бұл теледидар мен радионың дамығанынан шығар. Бірақ, шалғайда жатқан ел өздерінің сүйікті әншілерін жақыннан көргісі келеді. Сол жағы ғана жетіспей тұр»,-дейді Айткүл Құдайбергенова.

«Домбыра өмірі қанжығамыздан түскен емес»,-деген әншілердің «Жұбайым» әнін  «Таңшолпаннан»  тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу