Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 7-ші тамыз күні өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 7-ші тамыз күні өткізеді

05.08.2014
Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 7-ші тамыз күні өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің кезекті 18-ші жекпе-жегін 7-ші тамыз күні Колумбияның Барранкилья қаласында өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Исламның қарсыласы колумбиялық Фидель Монтерроса қазірге дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. Сондай-ақ, 26 рет кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап, 9 кездесуінде жеңіліп, 1-еуінде тең түскен.

Ал, Қанат қазірге дейін 17 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. 14 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қанат, Латын Америкасының чемпионы атағын 2-рет қорғамақшы

Бокс жергілікті телеарналарда тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 8-ші тамыз күні таңғы сағат 08:00-де басталады, деп күтілуде.

 

Хабарламаларға жазылу