«Әйел бақыты». 40 жасқа толған ер-азаматтар қалай күтінуі керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». 40 жасқа толған ер-азаматтар қалай күтінуі керек? (ВИДЕО)

24.08.2017

Ер адам 40 жасқа келгенде қамал алады. Ал, денсаулығы ше? Қырықтың қырқасында жүрген еркектің бойында қандай физиологиялық өзгерістер болады?

Ең біріншісі - гормоналдық өзгерістер. Еркектің негізін қалаушы - тестостерон гормоны. Ол бұлшық ет, дауыс, тәннің әдемілігіне жауап береді. Ал тестостеронның мөлшері төмендеген сайын салмақ қосып, артериалдық қан қысымы жоғарылайды. Тестостерон қалыпты көрсеткіштен 25 пайызға төмендесе, жүрек, қан-тамыр ауруларынан туындайтын өлім 40 пайызға артады, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабетіне бейімділік пайда болады.

40 жастан асқан еркектердің 85 пайызында простата аденомасы ауруы кездеседі. Ал, қалған 15 пайыз еркектерде қуықасты безінің атрофиясы пайда болады.

1 темекі өмірді 4 минутқа қысқартады. Спирттік ішімдіктердің ішінде ең зияны – сыра. Мұның ішінде табиғи эстроген, яғни, әйел гормоны бар.

Бұл жаста ащы, майлы, тұзды және тәтті тағамды азайту керек. Ал, көп пайдаланса, көп қозғалу керек. Яғни, спортпен шұғылданған жөн. Қырықтан кейін ботқалар, мол жеміс-жидек, көкөністерді және салатты көп тұтыну қажет. Яғни, салауатты өмір сүру салтын ұстану қажет.

Хабарламаларға жазылу