Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
Жылжымайтын мүлік нарығында алшақтық пайда болды. Елімізде екінші нарықтағы үйлер арзандап жатса, жалдау құны керісінше қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір айда ескі баспана бағасы 0,6%-ға төмендеген. Ал жаңа салынған үйлер 0,2%-ға, пәтер жалдау құны болса 0,8%-ға өскен. Қайталама нарықтағы үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 626 000, жаңа пәтерлердікі 614 019 теңге. Ал тұрғын үйді жалға алудың орташа құны шаршы метріне 5042 теңгеге өскен. Жаңадан салынған баспана мен екінші нарықтағы пәтерлердің ең қымбаты Астана, Алматы қаласында. Арзаны оңтүстік аймақтар мен еліміздің батысында. Ал жалдау ақысы шарықтап тұрған өңірлер тізімін Алматы, Астана, Қарағанды қалалары бастап тұр.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15