«Таңшолпан». Құтырған ит шабуыл жасағанда не істеу керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Құтырған ит шабуыл жасағанда не істеу керек? (ВИДЕО)

10.08.2017
«Таңшолпан». Құтырған ит шабуыл жасағанда не істеу керек? (ВИДЕО)

Құтырған ит жүгірсе, қорыққаныңызды білдірмеңіз. Көзіне тура қарап, оны өзіңізден алыстату үшін қысқа әрі қатқыл сөздерді айтыңыз. Егер ит оны тыңдамаса, көзіңізбен әр қимылын бақылауда ұстап, ақырын ғана артқа шегініңіз. Ал, егер абалап үріп, сізге жақындай бастаса, назарын қолыңыздағы затқа аударып, алаңдатып көріңіз. Сөмке, киім немесе кез келген зат жарай береді.

Итке ешқашан артыңызбен немесе қырыңызбен қарап тұрмаңыз. Егер солай жасайтын болсаңыз, ол сізді қорықты деп ойлап бас салуы ықтимал.

Егер ит аяғыңызға жармаса бастаса, онда екінші аяғыңызбен оның тамағынан тебіңіз. Тісін денеңізге тигізбес үшін, үстіңіздегі киімді шешіп, қорғаныс ретінде пайдаланыңыз.

Егер бір емес, бірнеше құтырған ит кездессе, мейлінше жақын жердегі ағашқа немесе биік дуалға қарай жүгіріп, соған тезірек шығуға әрекет жасау керек.

Хабарламаларға жазылу