Фобияны жеңу үшін не істеу қажет? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фобияны жеңу үшін не істеу қажет? (ВИДЕО)

28.10.2015
Фобияны жеңу үшін не істеу қажет?  (ВИДЕО)

Әр адамның бір қорқынышы болады.  Ол қорқыныш – үреймен, жиіркенішпен астасып жатады.

Күнделікті өмірде ұшаққа отырудан, өрмекші, тышқан, бақа, жылан, ит сияқты жәндіктер мен жан-жануарлардан, биіктен, қараңғы бөлмелерден қорқу сияқты фобиясы бар адамдарды жиі кездестіреміз.

Медицинада фобияны аурудың бір түріне жатқызса,  ал психолог мамандар оны адамның табиғи шартсыз рефлексі санайды. Сондықтан оны жеңу үшін қандай да бір шара қолданбаса, әрі қарай патологиялық синдромға, клиникалық ауруларға айналып кетуі әбден мүмкін.

Мұндай жағдайдың алдын алу үшін тәжірибелі мамандардың көмегіне жүгіну қажет.

Фобия – адамның атақ-дәрежесін талғамайды. Қаһарман саналатын адамның да ешкім біле бермейтін үрейі болады.

Фобияны жеңу үшін неден үйрейленсеңіз, соны жиі көріп, оның табиғатымен жақынырақ танысуға тырысу қажет.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу