Бауырларын өрттен құтқарған оқушы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауырларын өрттен құтқарған оқушы (ВИДЕО)

12.02.2016
Бауырларын өрттен құтқарған оқушы (ВИДЕО)

Адам өмірін  тілсіз жаудан құтқарудағы азаматтық жас талғамайды. 5 сынып оқушысы Данияр Сатыбалды жанып жатқан үйден бауырларын құтқару жолында ерлік жасады.

Өрттің қалай, неден шыққанын, қандай әрекет жасағанын Данияр өзі әңгімелеп берді.

«Таңертең тұрып, шай қойған едім. Қарындасым өшіремін деп, үлгермеді. Бір кезде бәрі екінші бөлмеге жылап келді. Алғашында өрт қояды екен, деп ойладым. Бірақ, қоймады, үйдің іші түтін болып кетті. Сосын терезені аяғыммен сындырып, алдымен өзім, кейін қарындастарымды шығардым. Содан қайта кіріп, құжаттар мен телефонды алып шықтым. Аяғыма екі жерден әйнек кіріп кетті. Ары қарай не болғанын білмеймін, талып қалдым»,-дейді кішкентай батыр.

«Мектепте сынып сағатында өрттен қорғану, жер сілкінісі кезінде не істеу керек деген сияқты сабақтар өтеміз. Үнемі дайындықтар болып тұрады».

Туған-туыстары «Батыр бала» атап кеткен Данияр әдебиет, бейнелеу өнері пәндерін сүйіп оқиды. «Таңшолпан» көрермендеріне де өлең оқып берді.

Хабарламаларға жазылу