«Таңшолпан». Маусымды аллергия кезінде не істеу керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Маусымды аллергия кезінде не істеу керек? (ВИДЕО)

07.08.2017

Студияға келген терапевт дәрігер Азамат Берлібайұлы жаз мезгілінде ыстықтан қорғанудың шаралары туралы айтып берді.

«Аптап ыстық кезінде көптеген аурулар ушыға бастайды. Мысалы, қан қысымы, диабет, жүрек аурулары және аллергия. Осы кезде алдымен адам жеңіл киім, басына бас киім киіп, салқын суды көбірек ішуі керек. Ыстық болған соң адам терлейді. Сол сұйықтықтың орнын толтыру керек.

 

Айта кетері, жаз айларында жас балаларды арықтың суына шомылдырып, денесін шынықтыру керек. Себебі адам ағзасына оның да өз пайдасы бар.

 

Жаз мезгілінде ұшығып тұратын аурулардың бірі – аллергия. Себебі күн белсенді болады, гүлдер гүлдейді, жәндіктер пайда болады. Аллергияға бейім келетін адамдар белгілі ережелерді сақтау керек. Мысалы, күнге аллергиясы бар адамдар жеңі ұзын киім киіп, көзіне көзілдірік тағуы кеерк. Ал, қатты ыстық кезінде ашық жерге шықпағаны жөн.

Аллергияға қарсы дәрігерлер көп. Соларды өзімен бірге алып жүру керек. Бірақ дәріні тек дәрігердің тағайындауы бойынша мөлшермен қолданған тиіс», - Азамат Берлібайұлы.

Хабарламаларға жазылу