«Таңшолпан». Ұялы телефоныңыз хакердің жемтігіне айналып кетпесін десеңіз... (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ұялы телефоныңыз хакердің жемтігіне айналып кетпесін десеңіз... (ВИДЕО)

19.07.2017

«Кибер шабуыл» атты «қонақ» шақырусыз келеді. Соңғы кездері тіпті жиілеп кетті. Ол келсе компьютерлер, гаджеттер, телеарналар мен телестанциялар, мемлекеттік мекемелер бұғатталып қалады. Бір мезетте жойқын күшімен бүкіл әлемнің астан-кестеңін шығарады.

Кибер шабуылды хакерлер ермек үшін, ақша өндіру мақсатында және әлемді дүрліктіріп, шу шығару үшін жасайды. Мәселен, осыдан 2 ай бұрын бірнеше мемлекет үлкен кибер шабуылға тап болды. Алдымен Испания, Ұлыбритания, одан соң Ресей және тағы басқа 150 елден апат дабылы шықты.

Хакерлер компьютерлерді бұғаттап, 200-ден 600 долларға дейін ақша талап етті. Бүкіл әлемді жаулау үшін бар болғаны осынша ақша сұрау әрине қаржылық мұқтаждықтан тумағанын көрсететеді. Яғни, бұғаттаушы бұл арқылы дүниежүзін дүрліктіріп, өзінің қабілетін байқағысы келеді.

Мұндай шабуылға еліміздегі «Қашаған» кен орнына іліккен болатын. Қуанышқа орай қауіпсіздік қызметі жағдайды дер кезінде реттеген.

Жаңа технология дамыған XXI ғасырда кибер шабуыл күн сайын күшейіп келеді. Тіпті қолыңыздағы ұялы телефонның өзі хакердің жемтігіне айналуы мүмкін. Қауіптің алдын алу үшін не істеу керек?

Хабарламаларға жазылу