Бағдарламаға Алматы қаласының №25 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері келді. Олар ұялы телефондардың пайдасы мен зияны туралы тақырыпты қозғады.
«№ 26 мектептен келіп отырмыз. 5-ші сыныпта оқимыз. Бұрын телефоным, компьютерім де болған. 9 жастан бастап компьютерлік ойындар ойнадым. Қазір ойнамаймын. Әлеуметтік желіде чаттар да бар. Онда сыныптастарым отырады. Басында кірдім, сосын ұнамаған соң шығып кеттім. Бірақ, жуырда информатика пәнінен ғылыми жобаға қатыстым. Сол жобаға көмекші ретінде пайдаландым.
Көп балалардың компьютерде отырудан көзінің көруі нашарлады. Соңғы кездері «Көк кит», «Тыныш үй» деген ойындар көбейіп кетті», - дейді оқушы Дәулет Еркінбек.
«Балалар түске дейін сабақта болса, түстен кейін үйірмеге келеді. Қазіргі заманның балалары өз ойларын еркін жеткізу керек. Бұл балалар республикалық байқауларға барып, жүлде алып жүрген балалар.
Өнерге жақын адам жамандыққа бармайды. Сондықтан, балалар бос уақытын өнерге жұмсау керек», - дейді мұғалім Райла Ғалымова.