Басты Жаңалықтар 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 14 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы7

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ болуы мүмкін, кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста тұман болады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, күндіз Қостанай Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік,солтүстік-батыстан  соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады,найзағай болады. Желдің күші 2-7 м/с, найзағай кезінде 12 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С болады.   

Бөлісу