«Таңшолпан». Бүгін - актриса Райхан Қалиолдинаның туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін - актриса Райхан Қалиолдинаның туған күні (ВИДЕО)

12.07.2017

Бүгін - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Райхан Қалиолдинаның туған күні. Бағдарлама журналистері актрисаны құттықтады. Актриса 1983 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп келеді. Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет институтының театр факультетінің драма және киноактер мамандығы бойынша тәмамдаған Райхан Қалиолдина өнер шаңырағының табалдырығын жүрексіне аттаған.

Ботакөзі мөлдіреген сұлу қызға «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымындағы Ақтоқты рөлі берілген. Спектаклдің тұсаукесеріне келген Ғ.Мүсірепов «Шолпан Жандарбековадан кейінгі Ақтоқтыны мен енді көрдім. Нағыз менің – Ақтоқтым» деп риза болып, батасын берген екен.

Хабарламаларға жазылу