Бүгін - танымал әнші және актриса Карина Абдуллинаның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - танымал әнші және актриса Карина Абдуллинаның туған күні

13.01.2017
Бүгін -  танымал әнші және актриса  Карина Абдуллинаның туған күні

13 қаңтар, жұма, 2016 жыл 

Бүгін - Ескі Жаңа жыл

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

91 жыл бұрын (1926) Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры - Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өтті.

83 жыл бұрын (1934) Алматыда Қазақ музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) құрылды. Театр сахнасында ең бірінші М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі мен Б.Майлиннің «Шұға» драмасы қойылды.

25 жыл бұрын (1992) Бауыржан Момышұлының қайырымдылық қоры құрылып, республикалық мәртебе алды.

 

ЕСІМДЕР

112 жыл бұрын (1905-1985) суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Николай ЦИВЧИНСКИЙ  дүниеге келді.

106 жыл бұрын (1911-1995) әйгілі палуан, классикалық күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, бапкер ЯРКОВ Василий Григорьевич дүниеге келді.

41 жыл бұрын (1976) танымал әнші және актриса  Карина АБДУЛЛИНА  дүниеге келді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу