«Таңшолпан». Бүгін Оралхан Бөкейдің туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін Оралхан Бөкейдің туған күні (ВИДЕО)

28.09.2017

Адам мен табиғаттың терең байланысын шығармаларына арқау етіп, сөз өнерімізге өз өрнегімен келген жазушы Оралхан Бөкейдің туған күні.

Көзі тірі болғанда бүгін жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкей 74 жасқа толар еді. Қаламгердің балалық шағы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай ауылында өтті.

Оралхан Бөкей еңбек жолын аудандық газеттен бастады. Оның білікті журналист, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше. Ешкімге белгісіз тракторшы баланың ойынан жалындаған отты көріп, оны Алматыға дуылдаған қаламгердің қалың ортасына әкелді.

Оралхан Бөкейдің шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылды. Бірнеше шығармасына кино түсірілді. 50 жасқа қараған шағында Үндістанның Дели қаласында көз жұмды. Арамыздан ерте кеткенімен, қазақ әдебиетін байытып кеткен мол мұрасы қалды.

 

Хабарламаларға жазылу