«Айтуға оңай ...». Бейбіт Ыстыбай: Биылғы додаға қатыспаймын. Жастарға жол беремін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай ...». Бейбіт Ыстыбай: Биылғы додаға қатыспаймын. Жастарға жол беремін (ВИДЕО)

29.06.2017

2-шілде күні елордада еліміздің басты спорттық шараларының бірі - «Қазақстан барысы-2017» турнирі өтеді.

«Қазақстан барысы» турнирінің ең жарық жұлдызы - жамбылдық Бейбіт Ыстыбай. Үш дүркін чемпион атанған спортшының іріктеусіз финалға қатысу мүмкіндігі бар. Бірақ, палуанның айтуынша, биылғы додаға қатыспайды. Студияға келген чемпион осыған қатысты өз пікірін білдірді.

«Биылғы додаға қатыспаймын. Жастарға жол беремін. Жастарға, достарыма, замандастарыма сәттілік тілеймін! Жеңіс әркімнің өзіне байланысты», - дейді Бейбіт.

Естеріңізге саламыз, доданы 2-шілде 13:00-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің басты ақпарат таратушысы.

Хабарламаларға жазылу