«Айтуға оңай...». Гулмира Наурызбаева: Ақша алған жоқпын, бірақ несие төлеуім керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Гулмира Наурызбаева: Ақша алған жоқпын, бірақ несие төлеуім керек (ВИДЕО)

18.05.2017

Гулмира Наурызбаева құжаттарын арқалап, күнде заңгерге баруға мәжбүр. Себебі, ол 2013 жылдың мамыр айында несие алу үшін Ләйлә Тәуекеловаға 90 мың теңге берген. Осы жылдың қараша айында Гүлмира Ләйләмен тағы кездесіп, Каспий банктен 156 мың, Нұр банктен 277 мың теңге көлемінде несиеге тауар алуға байланысты келісімшарт жасасқан. Бірақ, ол тауарларды Тәуекелованың таныстары келіп, Гүлмираға көрсетпей алып кеткен.

 

«Бұл жағдай 2013 жылы басталды. Кәсіп ашуға 3 млн бастап кредит берілетінін естідім. Оны алып беретін адамдар да бар екен. Ол адамдар туралы сұрастыра бастадым. Сөйтіп, Тәуекелова Ләйләны таптым. Ләйляны жақсы танитынмын. Екеуміз бір ауылданбыз. «Несие алып беремін, бірақ, 90 мың бересің» деді маған. Сол күні 90 мың теңгені санап бердім. Ешқандай қолхат жоқ. Содан бастап қарызға кірдім», - дейді Гүлмира.

Хабарламаларға жазылу