«Айтуға оңай...». Ауру – астан.... (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Ауру – астан.... (ВИДЕО)

18.07.2017

Дұрыс тамақтану үшін орасан білімнің қажеті жоқ. Ол үшін бай болу да шарт емес. Күнделікті адам ағзасына міндетті түрде көмірсу, ақуыз, май, дәрумендер және су керек. Ақуыз ет, сүт өнімдерінде, жұмыртқада, жаңғақ, саңырауқұлақ, бұршақ тектес өнімдерде және балықта болады.

Ал, құрамында көмірсуы бар тамақтарды пайдалану адамның семіруіне, қант ауруына әкеп соқтырады. Сондықтан ақ нан, күріш, қамыр, қант, кондитерлік өнімдерді барынша аз пайдаланған дұрыс. Дәрігерлер міндетті түрде күніне екі литрдей су ішуге кеңес береді.

«21 ғасырдың басынан әлемде артық тамақ ішу зиян екендігі туралы айтылып жатыр. Тамақты тоя жегенше, мөлшермен жеген абзал. Аурудың себептері көбінесе астан. Балалардың семіруі, олардың асқазанының ауруы, үлкен адамдардың қан қысымының көтерілуі, инсульт, инфаркт, осының  барлығы да тамақтың кесірінен», - дейді медицина ғылымдарының докторы  Жақсыбай Бекжігітов.

Бағдарламаға университет студенттері келіп, өзінің не жейтінімен бөлісті. Сондай-ақ студияға келген дәрігер, диетолог мамандар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу