«Таңшолпан». Бала Димаш қандай болды? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бала Димаш қандай болды? (ВИДЕО)

20.06.2017

Талантымен талайдың таңдайын қақтырған қазақтың Димашы. Оның сезімге тұнған дауысы әлем құлағында әлі де әндетіп тұрғандай.

Қазақтың мақтанышына айналған Димаш мектепте қандай оқушы болды? Оның бала күнгі естеліктері қандай? Димаш Құдайбергеннің сыныптасы Архат Ғаріпжан бағдарлама тілшілеріне мектептегі кездері туралы айтып берді. Бала Димаштың біз білмейтін қырлары көп болған екен.

«Димаш екеуміз мектепте «Жігіт сыны» байқауына қатыстық. Сонда мен одан көмек сұрадым. Өзінің сол байқауға қатысқанына қарамастан, Димаш маған қол ұшын беріп, көмекке келді. Сол кезде байқауда мен ұттым. Алайда жеңіс менің емес, Димаштың жеңісі деп ойлаймын», - дейді Архат.

Хабарламаларға жазылу