«Бастау» тобы Димаш Құдайбергеннің концертінен кейін құрылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бастау» тобы Димаш Құдайбергеннің концертінен кейін құрылды (ВИДЕО)

07.01.2018

Бүгін «Таңшолпан» студиясының төрінде «Бастау» тобының мүшелері Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз қонақта болды. Жас күйшілер топтың құрылудағы мақсатымен бөлісті.

Айта кету керек, «Бастау» тобы Елбасының қатысуымен өткен үлкен шыршада мерекені «Бастау» атты күймен ашқан болатын. Күйдің авторы - Темірлан Олжабай.

«Бұл күй колледжде оқып жүрген кезімде шыққан. Оны эстрадамен нақыштап, өңдеген Ерлан Бекчурин есімді ағамыз», - дейді Темірлан.

Топтың «Бастау» деп аталуының себебі неде?

«Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты үлкен ән кеші болған. Қазіргі уақытта әлемдік турнеге жалғасып жатыр. Сол жерде маусымның 27-і күні «Бастау» деп тұсауымыз кесілді. Оның бәрінің негізін қалаушы - Алпамыс Шаримов. Қазіргі таңда біздің продюсеріміз», - дейді топ мүшелері.

Топтың негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық аспабын әлемдік сахнаға таныту. Сонымен қатар, бағдарлама барысында  өнер иелері қазіргі жастар күй тыңдау үшін қандай жұмыстар атқарылуы керектігімен де бөлісті.

Хабарламаларға жазылу