Алматыда «Тұрақтылық ұстаздардан басталады» атты семинар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Тұрақтылық ұстаздардан басталады» атты семинар өтеді

16.06.2017
Алматыда «Тұрақтылық ұстаздардан басталады» атты семинар өтеді

19-23 маусым аралығында Алматыда ЮНЕСКО-ның Орталық Азия елдерінің педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Тұрақтылық ұстаздардан басталады» атты субаймақтық семинар-тренингі өтеді.

 

Тренингке 9 елден 60 қатысушы келеді. Олардың арасында министрлік, университет, педагогтардың біліктілігін арттыратын институттар өкілдер,  Орталық Азияның 4 елінен (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) ұлттық мамандар, Оңтүстік Корея, Грузия, Филиппин, тұрақты дамубойынша білім беретін Швед халықаралық орталығының (SWEDESD) және Бангкоктағы ЮНЕСКО Бюросының халықаралық мамандары бар.

 

Семинарды Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы, Бангкоктегі ЮНЕСКО-ның Азия-Тынықмұхиттық аймақтық бюросы, ЮНЕСКО (APCEIU)  қарамағындағы өзара түсіністік жөнінде білім беретін Азия-Тынықмұхиттық орталығы  ұйымдастырып отыр.

Хабарламаларға жазылу