Әнші Рамазан Стамғазиев: Қазақстандық шипажайлар шетелден кем емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Рамазан Стамғазиев: Қазақстандық шипажайлар шетелден кем емес

08.06.2017

Елімізде жанға жайлы, көрікті жерлер аз емес. Жер жанаты – Жетісу, асқар шыңды – Алтай, ем-қасиеті мол – Алакөл, Балқаш, Баянауыл, Бурабай, Алма арасан, Сарыағаш, Меркі, Манкент, Жаңақорған, Қапаларасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпес сыңды тарихы әрден басталатын шипажайлар бар.

Бірақ, көп жағдайда біз онда бармаймыз. Оған барған адамдарды «уақытын босқа құртып жүр» деп санаймыз. Неліктен? Бағдарламаға жылына бір рет болса да, барлық ісін жиіп, шипажайға баратын әнші Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева келді.

«Бұрындары шипажайды елемейтінбіз. Ол - үлкен кісілердің барып, демалатын жері секілді еді. Қазір 6-7 жыл болды жыл сайын қол ұстасып, құда-жекжаттарымызбен демаламыз. Алдында шетелді де көрдік. Олардан Қазақстан кем емес.

Шипажайдың орналасқан жері, ауасы, тауы, гүлдері, қызметкерлері, бәрі де маңызды. Солардың бірі - Манкент. Тамақтары да, суы да, көрсететін қызметі керемет. Адам жақсылап демалу үшін бәрі бар. Бағасы да қалта көтерерлік. Шетелмен салыстырғанда – арзан», - дейді әнші.

 

Хабарламаларға жазылу