«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған  «Біздің жақтың байлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған  «Біздің жақтың байлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО)

02.06.2017

Бүгін «Біздің жақтың байлығы» байқауы қорытындыланды. Аталмыш байқау 1 ай бойы өткізілді.

Байқаудың шарты бойынша қатысушы өзінің туған ауылын, тұрып жатқан өңірінің көрікті  жерлерін 1-1,5 минут уақыт ұзақтығында бейнежазба түсіруі керек.

«Таңшолпан» ұйымдастырған бәйгеге еліміздің әр түкпірінен 50-ден астам жұмыс келіп түскен. Солардың ішінде үздік деп танылған 20 үміткердің  бейнежазбасы  Ұлттық арнаның эфирінен көрсетілді.

Эфирге бейнежазбасы шыққан 20 қатысушының 5-і  «Үздік түсірілім» және «Үздік баяндаушы» аталымдары бойынша жеңімпаз деп танылды.

Байқау барысында еліміздің тұмса табиғаты, киелі жерлері мен құт қонған өңірлері насихатталды. Туристердің назарын аударған көрікті Көлсай, сұлулықтың нышанындай Каспий теңізі,  табиғаттың өзі шебер үйлестірген Шарын шатқалы және өзге  де аймақтар көрермен назарына ұсынылды.

Осылайша, әрбір өңір тұрғындары Ұлы даланың көркем галереясын жинақтауға үлес қосты.

Хабарламаларға жазылу