«Таңшолпан» бағдарламасы «Біздің жақтың байлығы» атты байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы «Біздің жақтың байлығы» атты байқау жариялайды

11.05.2017

«Таңшолпан» бағдарламасында «Біздің жақтың байлығы» атты байқау өтіп жатыр. Сайыстың шарттары да қарапайым.  Кез-келген көрермен қатыса алады.

Аты айтып тұрғандай, өз өңіріңіздің ең көркем жерлерін, табиғи байлығын, сұлулығын айшықтайтын бейнежазба түсіруіңіз шарт. Өз ауылыңыздың, туған жеріңіздің немесе тұрып жатқан өңіріңізде немен мақтануға болады?! Сіздер ұсынасыздар, біз көрсетеміз. Түсірілген видеоның ұзақтығы 1-1,5 минуттан аспауы тиіс. Ең үздік видео алдағы уақытта анықталатын болады.

Видео жолдау үшін электронды пошта:  Ntty91@mail.ru

Хабарламаларға жазылу