«Онлайн дауыс» байқауының жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Онлайн дауыс» байқауының жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО)

23.11.2015
«Онлайн дауыс» байқауының жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жариялаған «Онлайн дауыс» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқауда интернет қолданушылар арасында көп дауысқа ие болған семейлік Демеу Ережепов жеңіске жетті. Жеңімпазға планшет табысталды. Ал, ІІ орында – Алматы қаласының тұрғыны Төребек Қожабаев (сыйлығы – смартфон). Үздік үштікті маңғыстаулық Марат Сафаров түйіндеді (қалта телефонын ұтып алды).

Байқау шарты бойынша, жеңімпаз «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының кез келген хабарына қонақ ретінде қатысуға мүмкіндігі бар. «Онлайн дауыстың» жүлдегері Демеу Ережепов Skype арқылы байланысқа шығып, «Бүгін жексенбі» бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді.

«Байқау туралы достарымнан естідім. Содан мен де бағымды сынап көргім келді», дейді ол.

Толығырақ «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу