«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған «Бұл - менің қалам» байқауының үздіктері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған «Бұл - менің қалам» байқауының үздіктері анықталды

06.07.2017

«Таңшолпан» бағдарламасы маусым айынан бастап көрермендер арасында «Бұл - менің қалам» байқауын өткізді. Шарт бойынша қатысушы өзінің тұрып жатқан қаласының көрікті жерлерін, көрнекті орындарын бейнежазбаға түсіруі керек.

Редакция қоржынына еліміздің әр аймағындағы қала тұрғындарынан 50-ден астам видео келіп түсті. Олардың ішінен іріктеліп алынған бейнежазбалар тікелей эфирден көрсетілді.

Байқау жеңімпаздары «Үздік түсірілім» және «Патриот тұрғын» аталымдары бойынша анықталды.

Бүгін жүзден жүйрік шыққан 8 қатысушының есімдері бағдарлама барысында жарияланды. Оларға арнайы бағалы сыйлық пен Алғыс хат та ұсынылмақ.

Хабарламаларға жазылу