Димаш Құдайбергенов кеше Астана қаласында сырласу кешін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергенов кеше Астана қаласында сырласу кешін өткізді

26.04.2017

Миллиардтардың сүйікті әншісіне айналған, қазақтың атын әлемге танытқан, «I Am a Singer» ән байқауының ІІ орын жүлдегері, жас әнші Димаш Құдайбергенов кеше Астана қаласында сырласу кешін өткізді.

 

«Қазақстан» орталық концерт залында өткен кездесуге әншінің мыңдаған жанкүйерлері жиналды. Соның ішінде Ақтөбе қаласынан арнайы келген достары да болды.

 

«Біз әр уақытта өз қуанышымызды, жетістігімізді бүкіл елмен бірге бөлісуіміз керек. Осыған байланысты бүгінгі шара арнайы ұйымдастырылып отыр», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

 

Толығырақ Ботагөз Советқызының арнайы бейнеүзігінде.

Хабарламаларға жазылу