«Түнгі студияда» - Димаш Құдайбергенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Димаш Құдайбергенов

08.09.2015
«Түнгі студияда» - Димаш Құдайбергенов

Витебскте өткен эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық «Славян базары-2015» байқауының Гран-Приін иеленген қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов бүгін 23:40-та «Түнгі студияда» қонақта.

ҚР Еңбек сіңірген әртістері Қанат пен Света Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген Димаш бес жасынан бастап Ақтөбе музыкалық колледжінде балалар студиясында оқиды.

Кейін  Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне түсіп, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Марат Олжабайұлының тәлімін алады. Бүгінде Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде білім алуда.

Әнші үлкен эстрададағы алғашқы қадамын 2012 жылы  «Жас қанат» байқауынан бастаған. Байқауда өзгелерден озық шыққан ол,  халықаралық «Шығыс базары», «Мэйкн Азия» конкурстарының  да бас жүлдесін иеленген.

Димаш Құдайбергеновтің шығармашылығында нендей өзгеріс бар? Бүгін 23:40-та Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу