«Жігіттер» квартеті - «Таңшолпан» студиясында қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жігіттер» квартеті - «Таңшолпан» студиясында қонақта

06.07.2015
«Жігіттер» квартеті - «Таңшолпан» студиясында қонақта

Елордада өткен «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесінде «Жігіттер квартеті» «Ең үздік жігіттер тобы» аталымы бойынша жеңіске жетті.  

«Бұл марапат Астана күні қарсаңында біз үшін өте керемет сый болды. Еңбектің еленгені қуаныш сыйлайды», дейді әншілер.  

Топ алдағы уақытта елордада ән кешін өткізбек.

«Қазіргі уақытта жаңа әндер жазу үстіндеміз. Астанада жеке концерт берсек деген жоспарымыз бар. Бұл - Алматыда өткен «Құстармен сырласу» атты кешіміздің жалғасы. Тыңдармандарымызға үнтаспаларымызға енген, бірақ, сахнада, концерттерде орындалмай қалған әндерді ұсынатын боламыз», дейді топ мүшелері.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу