Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауында бақ сынамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауында бақ сынамақ

21.06.2015
Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауында бақ сынамақ

Бұған дейін халықаралық «Шығыс базары-2012», «Мейкин Азия» байқауларының жеңімпазы атанған Димаш Құдайбергенов қазір алдағы сынға қызу дайындалуда. 9-13 шілде аралығында өтетін сайыста ол ұйымдастырушылардың талабы бойынша 3 ән орындамақ: Қазақ, орыс және әлемдік деңгейде белгілі туындылар.

«Үш күнде үш тілдегі композицияны ұсынбақпын. Біріншісі халық әні, екіншісі – Алла Пугачеваның репертуарындағы «Опять метель» әні, соңғысы – француз тіліндегі әлемдік «хит». Бәрі жақсы болса, ойдағыдай өнер көрсетемін деген үміттемін», - дейді Димаш Құдайбергенов.

Бүгінде өнер иесі Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алуда.

 

aktobegazeti.kz

Хабарламаларға жазылу