Димаш Азияның ең үздік әншісі атануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Азияның ең үздік әншісі атануы мүмкін

27.03.2017

Димаш Құдайбергенов  Азияның ең үздік әншісі атануы мүмкін. Себебі, халықаралық ауқымды байқауда осындай номинацияға ұсынылған. Димаш бүгін  «China Top music Awards» конкурсында өнер көрсетеді.  Бұл туралы Димаштың продюсері Алпамыс Шәрімов әлеуметтік желіде айтты.  «China Top music Awards» -  Азия аумағындағы ең ірі сазды сайыстың бірі. 2001 жылы бастау алған.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайдағы рейтингтік «I am a Singer» телешоуына қатысуда.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу