Мәскеуде құлдықта болдым деген уәжбен хабарласқан отандастарымыздың саны артуда. Шолпан, Жансұлу, Жанар бүгінгі кейіпкерлеріміздің нысанасына ілінген осы апалы-сіңілі 3 келіншек. Бұл негізі бар қылмыс па, әлде жеке мотивтерден туындаған айып тағу ма?
Бүгін «Әйел бақыты» кезекті санын «Құлдықтағы тағдырлар – 3» тақырыбына арнады.
Студияда психолог Марал Сарбасқызы мен заңгерлер, құлдықта болған жандар қонақта болып, мәселенің мән-жайымен бөлісті.
«Әйел бақытында» «Құлдықтағы тағдырлар» мәселесі 2-ші рет талқыланғаннан кейін 7 бірдей азаматпен 29 наурызда ҚР-ның Бас прокуратурасына барып ресми түрде арыз жаздық. Олар арызды қабылдады. Жәбірленуші Несібелі Ибрагимовамен бірге Сыртқы істер министрлігіне барып ақпарат бөлімінің ресми өкілі Ержан Мұстафин мырзамен арнайы сөйлестік, ресми түрде ол жерге де елшіліктің үстінен арыз түсірді», - дейді заңгер Айнұр Махметова.