Бүгін «Қазақстан» Ұлттық арнасында тұсауы кесілген «1 студия» саяси ток-шоуында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы турасында әңгіме өрбіді.
Саясаткер Әміржан Қосанов мақаладағы ең басты лейтмотивті атап өтті.
«Қазір экономикалық дағдарысқа, геосаяси қиындықтарға, терроризм, экстремизмге байланысты халықтың аздап еңсесі түскен кез. Осы сәтте халыққа рух беретін, халықтың қайдан шыққанын сездіретін, біздің ақын-жырауларымыз роман-поэмамен жазған дүниені саяси формаға салып беру керек деп ойлаймын. Президенттің мақаланы жазудағы басты себебі осы болды деген ойдамын.
Қазақстанда билік, азаматтық қоғам, оппозиция деп бөліну дұрыс. Ұлттық мүдде, ұлттық қазына, мемлекетіміздің бірлігі, ортақ мақсаты болып тұрған кезде ұлттық мұрат жолында ұйыса кету керек»,-дейді.