«Айтуға оңай». Гүлзира Қожахметова: Күйеуім баласын емес, анашасын іздейді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай». Гүлзира Қожахметова: Күйеуім баласын емес, анашасын іздейді (ВИДЕО)

13.04.2017

Гүлзираның бар жұбанышы – екі баласы. Осылар үшін өмір сүреді. Бар алданышы да солар. Балапандарын бауырына басып, көрген қиыншылықтарын сәл де болса ұмытады. Өмірінен тек жақсылық күткен бойжеткен, тағдырының бұлай болатынын білмеді. Бөтен елден келген қыз құрбысының сөзіне сеніп, бір күннің ішінде бір шаңыраққа келін болып түсті.

 

«2014 жылы Астанадан Алматыға үйіме қайтып келе жатқанда ауылдас әйел «бір үйге кіріп, шәй ішіп, шығамыз да қайтамыз» деді. Сол үйге бардық. Енем мені көріп, сол үйге келін етіп алып қалды. Күйеуімді танымайтынмын. Мен ол үйге қалмайтын едім. Енем «балам асылып өледі, баламнан айырылмаймын» деп жалынды. Ол кезде жасым бар болғаны 18-де. Сол кезде-ақ күйеуім сөмкемдегі 40 мың ақшамды ұрлап алған. Ол 17 жасында сотталған, нашақор екен. Жұмыстан келе сала баласын емес, анашасын іздейді.

Екі қабат кезінде мені ұра бастады. Кейін де мінезі өзгермеді. Ендігісі балаларды да қинайды. Балаларыма « бұл - әкең» деп айтуға аузым бармайды. Баратын жерім жоқ. «Тастап кетсең, ізіңнен тауып, өлтіремін» деп қорқытады. Онымен ажырасуға қорқамын», - дейді Гүлзира Қожахметова.

 

Хабарламаларға жазылу