Димаш Құдайбергеннің әндерін өңдеген музыкант Ерлан Асқарұлы «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергеннің әндерін өңдеген музыкант Ерлан Асқарұлы «Таңшолпанда» қонақта

12.04.2017
Димаш Құдайбергеннің әндерін өңдеген музыкант Ерлан Асқарұлы «Таңшолпанда» қонақта

Димаш Құдайбергеннің әндерін өңдеп жүрген  музыкант Ерлан Асқарұлы бағдарлама қонағы болды.

«Ата-анам - өнер адамдары. Бала кезімнен студияда жүрдім. Музыканы бала кезімнен сүйемін.

Иә, Димаштың әндерін мен өңдедім. Ол сайыстың өз ережелері бар. Ән де сол ережелерге сай болуы керек. «Дайдидау» әнін 2 күнде өңдедім. Жалпы, әнді өңдеу күрделілігіне, шабытқа байланысты.

Өнер саласының маманы болмағандықтан, көпшілік түсінбей жатады. Мысалы, әннің құрылымы, аранжировка, партитурасы, оркестр партиясы, пактары. Ол тек мен емес. Бұл - үлкен, ұжымдық жұмыс.

Адамдар бір-біріне себепші. Димаш осы байқау барысында мені әлеуметтік желілерде белгілеп отырды. Осыдан кейін тапсырыстар мен ұсыныстар білдіріп жатқан адамдар бар. Бірақ өзімнің басқа мақсаттарым мен армандарым бар. Жақын арада Астанаға келемін», - дейді музыкант.

Хабарламаларға жазылу